Биыл тәуелсіздігімізге 30- жыл толуына байланысты «Жұлдыздар» тобында
«Менің Отаным –Қазақстан!» атты ертеңгілік өткізілді.Мақсаты: балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту .Отан туралы түсініктерін кеңейту.
Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Ертеңгілік еліміздің әнұранымен басталды. Балалар Отан , тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтты. Ән айтылып , әдемі билер биледі. Қыз балалар «Шашу» биін билесе, ұлдар «Біз тәуелсіз елдің бүлдіршіндеріміз!» атты биін билеп берді. «Қазақстан бақытты» әні шырқалды.
«Менің елім – Қазақстан» атты ведео слайд көріп , сұрақтарға жауап берді.
Жұмбақтар жасырылып, ойындар ойналды.Еліміздің мақтанышы және үлкен жетістіктеріміздің бірі біздің астанамыз. Нұрсұлтан қаласы туралы суреттер көрсетілді.Біз болашағымызға үлкен сеніммен қараймыз.Тәуелсіз еліміздің тарихымен мақтанып, көк туымыздың биіктен желбіреуіне тілектеспіз!