"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степняк қаласының "Күншуақ" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли-сад "Күншуақ" города Степняк при отделе образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күншуақ» бөбекжайының» МКҚК Біртұтас жоспар

Бекітемін:

МКҚК «Күншуақ» бөбекжайының                                              

меңгерушісінің м.а.____________ Баженова Ш.А.

 

 

 

 

 

 

Мектепке дейінгі ұйымдарда

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ

 

 

 

 

               

 

 

   «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны

                                                                         Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің

                                                               30.07.2024 ж. №194-бұйрығымен бекітілді.

 

 

 

                  «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ

 

Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары           

            №

Іс-шаралар атауы

          Аяқталу нысаны

         Орындауға жауаптылар           

       Орындау    

      мерзімдері

1

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының кешенді жоспарын дайындау және бекіту

 

Жоспар

МДҰ басшысы, әдіскер

2025 жылғы тамыз

2

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны және оны енгізу алгоритмі бойынша оқыту семинарын ұйымдастыру

 

Семинар

МДҰ басшысы, әдіскер

  20 тамызға дейін

3

МДҰ сайтына кешенді жоспарды орналастырып, педагогтер қауымын ақпараттандыру

 

МДҰ сайтына ақпарат орналастыру

МДҰ басшысы, әдіскер

2025 жылғы қыркүйек

4

Бағдарламаны орындау жөнінде мониторинг жүргізу

Мониторинг

МДҰ басшысы, әдіскер

Әр тоқсан сайын

5

Ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялау және сайтқа шығару (Instagram, Facebook, Telegram).

 

Мақала

МДҰ басшысы, әдіскер

Жыл бойы

 

  Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары үшін

 

                                                                   Күнделікті атқарылатын іс-шара

1

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» –  мектеп жасына дейінгі балалармен ұлттық ойындар өткізу

 

Ұйымдастырылған іс-әрекет, дербес іс-әрекет, серуендер, ертеңгіліктер, мерекелер, ойын-сауық

 

Мектепке дейінгі ұйымның  тәрбиешілері, дене шынықтыру нұсқаушы, қазақ тілі пәні мұғалімдері, әдіскері, мектепалды сыныптың тәрбиешілері

 

 

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес

 

2

«Өнегелі 15 минут» – балалардың ересектермен емін-еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру

 

Ұйымдастырылған іс-әрекет, дербес іс-әрекет, жеке жұмыс

Мектепке дейінгі ұйымның  тәрбиешілері, әдіскері, мектепалды сыныптың тәрбиешілері

 

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес

 

3

«Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну – табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды үйрету, экологиялық тәрбие беру, табиғатты аялауға шақыру

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын, танымдық, эксперименталдық іс-әрекеті, жобалық қызмет.

Ата-аналарға арналған жаднамалар, нұсқаулықтар, парақшалар

Мектепке дейінгі ұйымның  тәрбиешілері, әдіскері, мектепалды сыныптың тәрбиешілері

 

 

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес, жобалық қызмет, саяхат, ата-аналар жиналысы

 

4

«Күй күмбірі» – балалардың бойында музыканы тыңдауға қызығушылықтарын, музыканы эмоционалды қабылдауды, түсінуді, қадірлей білуді қалыптастыру, ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру, шығармашылық дағдыларды қалыптастыру, қабылдау барысында және үнемі күй қосу, шығармашылық зерттеу іс-әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл күймен қабылдау, ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын арттыру.

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған, шығармашылық, дербес іс-әрекеті

 

Мектепке дейінгі ұйымның музыкалық жетекшісі, тәрбиешілер, мектепалды сыныптың тәрбиешілері

 

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес

 

                                                                               Апта сайын атқарылатын іс-шара

1

«Менің Қазақстаным» – мемлекеттік мерекелерге арналған ертеңгіліктерде ересек және мектепалды топтардың/мектепалды сыныптардың тәрбиеленушілеріне Қазақстан Республикасының Гимнің орындату

Мерекелік шараларда және

әр аптаның бірінші күні Гимн орындау

 

Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері, музыкалық жетекшілері, дене шынықтыру нұсқаушылары

 

 

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына жоспарлау

2

«Апта дәйексөздері» – ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, дәліздегі теледидарлардан көрсетіліп, мнемокестелер түрінде жасалып, топтардағы ата-аналар бұрыштарында ілінуі керек

 

Дәйексөздерді ақпараттық стендттерде,

Led-экрандарда, дәліздегі теледидарлардан көрсетілуі керек

Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушілері,   әдіскерлер

Жыл бойы

3

«Қауіпсіздік ережелері» – жол қозғалысы ережелерін, тұрмыстағы, қоғамдық орындардағы, табиғаттағы өмір қауіпсіздігі негіздерін, төтенше жағдай кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету

Мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастырылған іс-әрекеттер, тәрбиелік шаралар,

дидактикалық, сюжетті-рөлді ойындар ұйымдастыру

Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері,   әдіскерлері, мектепалды сыныптың тәрбиешілері

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына және жұмыс жоспарына сәйкес

 

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

Апта дәйексөзі.
Білім – теңіз, түбі де, шегі де жоқ. (Жүсіп Баласағұн)

1

1 қыркүйек – Білім күні

 «Балабақша – жайлы мекен»

Балабақшада экскурсия өткізу

 

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы,  әдіскері, педагогтері

 

1-апта

 

2

Қазақстан халқы тілдері күнін өткізу (5 қыркүйек)
«Тілім – менің тірегім» мәнерлеп оқу конкурсы.

«Тілге бойлау» интеллектуалдық танымдық ойыны.

 

Интеллектуалдық танымдық ойыны, мәнерлеп оқу сайысы

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы,  әдіскері, қазақ тілі пәнінің мұғалімі, тәрбиешілер, музыка жетекшісі

1-апта

 

Апта дәйексөзі.
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап. (Абай Құнанбайұлы)

1

Күз сыйлары:

- күзгі мол өнімге, көкөністер мен жемістерге арналған жұмыстар;

- табиғи материалдардан композициялар жасау;

-«Менің отбасым» отбасы күніне арналған іс-шаралар ата-аналармен бірлескен жұмыстардың эко/фотокөрмесі «Табиғаттың сүйкімділігі», «Табиғаттағы бір күн» және т.б.

Көрме, ата-аналармен бірлескен жұмыстар, эко/фото көрмелер

Мектепке дейінгі ұйымның әдіскері, тәрбиешілер, музыкалық жетекшісі

2-апта

 

 Апта дәйексөзі.
 Еңбек шыққан жерден төзім де шығады. (Мұхтар Әуезов)

1

«Самокат мектебі»

танымдық-сауықтыру жобасын енгізу.

Мақсаты: жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. Жол қозғалысының қарапайым ережелерін, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін сақтау.

«Менің көңілді самокатым» балалар және ата-аналардың қатысуымен өтетін жарыс.

Мультфильмдер көру.

-https://youtu.be/Pw6S8xtX62s?si=CRApgowiD6A_QCRv;

-

-

-https://youtu.be/Zl10sCFssrw?si=vuv0xJ_bZBauC2F4.

 

 

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері

3-апта

2

Экологиялық десант

Ұйымдастырылған

іс-әрекет, дербес іс-әрекет, серуендер, бірлескен іс-әрекеттер

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, әдіскерлері, мектепалды сыныптың тәрбиешілері

3-апта

Апта дәйексөзі.
Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді. (Леонардо да Винчи)

1

           «Еңбек түбі береке».

           «Біз еңбекқор баламыз».

Ұйымдастырылған

іс-әрекет, дербес іс-әрекет, серуендер, бірлескен іс-әрекеттер

 

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, әдіскерлері, мектепалды сыныптың тәрбиешілері

4-апта

Қазан – тәуелсіздік және отаншылдық айы

Апта дәйексөзі.
Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік. (Қасым-Жомарт Тоқаев)

1

«Мен Отанымды мақтан тұтамын!»

Мектепке дейінгі ұйымдардағы клуб, үйірме жұмыстарының жоспарына сәйкес шаралар, жарыс ойыны, ертеңгілік іс-шара, челлендж, ұсынымдар

 

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, педагогтері, әдіскер

1– 4 апта

2

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» спорттық жарыс:

– қазақ халқының асық ату немесе көкпар тарту сияқты таза ауада ойналатын ұлттық ойындары;
- Бестемше (балаларға бейімделген нұсқа).

3

«Бәріміз бірге мықтымыз» (мектепке дейінгі ұйымның педагогтерінің арасында).

 

4

Менің елім – Мәңгілік ел! (әдістемелік ұсынымдар)

 

Апта дәйексөзі: Отан – біздің ең үлкен анамыз.

                             Әркім Отанына көрсеткен қызметіне жылу дәметпеуі тиіс.

                             Ол – оның азаматтық борышы.  Мұхтар Шаханов

1

«Бір ел – бір отбасы» атты флешмоб өткізу.

Қазақ халқының ұлттық билерінің байқауын өткізу.

 

Танымдық шаралар, ұйымдастырылған іс-әрекеттер, әдеби кеші

 

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, педагогтер, ата-аналар

2-апта

Апта дәйексөзі.
Тәуелсіздіктің жүгі ауыр. (Дінмұхамед Қонаев)

1

«Менің Қазақстаным» тақырыбына ата-аналармен бірге экологиялық десанттар.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы клуб, үйірме жұмыстарының жоспарына сәйкес шаралар

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, педагогтер, ата-аналар

3-апта

2

Сурет байқауы және фотокөрме (жануарлар және олардың тіршілік ету ортасы (экология):

- жабайы және үй жануарлары тақырыбындағы суреттер мен қолөнер;

- экожүйелер мен табиғи қорықтарды зерттеу.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы клуб, үйірме жұмыстарының жоспарына сәйкес шаралар, көрме ұйымдастыру

 

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, педагогтер, ата-аналар

3

 «Жас метеоролог» экологиялық жобасы.

Жоба мақсаты – балалардың табиғат құбылыстарына қызығушылығын дамыту, экологиялық сауаттылығын дамыту және ауа райының өзгеруін бақылаудың маңыздылығын түсіндіру.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы клуб, үйірме жұмыстарының жоспарына сәйкес шаралар, жобалық қызмет

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, педагогтер, ата-аналар

Апта дәйексөзі.
Атаңның баласы болма, адамның баласы бол. (Абай Құнанбайұлы)

1

Мультфильмдер, фильмдер көрсету:

-Қазақстандық мәдениет пен тарих туралы мультфильмдер (ата-аналармен бірге көру).

-Қазақстанға виртуалды экскурсия;
-адалдық алаңы.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы клуб, үйірме жұмыстарының жоспарына сәйкес шаралар, экскурсия

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, педагогтер, ата-аналар

4-апта

                                                              Қараша – әділдік және жауапкершілік айы

Апта дәйексөзі.
 Әділдік бар жерде татулық та бар, татулық бар жерде бақыт та бар.

1

Балалардың конкурстарға, викториналарға, көрмелерге, акцияларға қатысуы:

- «Балалар жол қауіпсіздігін сақтайды»;

- «Жол жүру ережесі».

Сюжетті-рөлдік, драмалау, зияткерлік ойындары, бейнеролик тамашалау,  ата-аналарға арналған ұсынымдар әзірлеу,

танымдық іс-шаралар

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері

1-апта

Апта дәйексөзі.
Адамдар сені жақсы көруі үшін адамдарды сүй.

1

«Біздің айналамыздағы әлем» қауіпсіздік сабақтары тақырыбына LEGO-дан құрылыстар, модельдер, қолөнер, мозаика құрастыру.

 

Танымдық шаралар, ұйымдастырылған іс-әрекеттер,қауіпсіздік сабақтары, дидактикалық, ұлттық,

сюжетті-рөлдік ойындар

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, ата-аналар

2-апта

2

«Теңге алу», «Айырмашылығын тап», «Банкомат», «Ақша жұмсауды үйренеміз», «Әмиян», «Дүкен» ойындары, қаржылық сауаттылық бойынша қарапайым білімдерді  дамыту.

3

«Қиял әлемі» көрмесін ұйымдастыру:

- фантастикалық жаратылыстар, ойдан шығарылған әлемдер мен шытырман оқиғалар тақырыбындағы шығармашылық жұмыстар;

- ерекше материалдар мен әдістерді қолдану.

Апта дәйексөзі.
Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ. (Әбіш Кекілбаев)

1

Қауіпсіздік тақырыбына жобалық қызметті ұйымдастыру.

ЖҚЕ тақырыбы бойынша кітаптар оқу.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы клуб, үйірме жұмыстарының жоспарына сәйкес шаралар, жарыс ойыны, кітаптар бұрышын жабдықтау

 

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, педагогтер, ата-аналар

3-апта

2

Топтардағы кітап бұрыштарын ЖҚЕ тақырыбындағы балаларға арналған кітаптармен қамтамасыз ету.

3

«Адалдық алаңы» тақырыбына мультфильмдер көру.

 

Апта дәйексөзі.
Оқысаң – озарсың,

Оқымасаң – тозарсың.  (мақал)

1

Жол қозғалысы ережелері бойынша театр қойылымдарын ұйымдастыру.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы клуб, үйірме жұмыстарының жоспарына сәйкес шаралар, сахналық қойылым

 

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, педагогтер, ата-аналар

4-апта

                                                                 Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы

Апта дәйексөзі.
Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті!

                                                                                                                                                                   (Әлихан Бөкейханов)

1

«Менің Республикам – менің мақтанышым!»

Танымдық іс-шаралар,

интеллектуалдық ойын

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, ата-аналар 

1-апта

2

Мультфильмдер көрсету (елдің тарихы мен мәдениеті туралы қысқа мультфильмдер және бейнероликтер);
- ертегілер мен әңгімелер оқу (ел тарихына қатысты әңгімелер мен ертегілер оқу және кейін оларды талқылау);
- фотокөрме (елдің тарихы мен мәдениетіне қатысты фотосуреттер көрмесі және балаларға экскурсия өткізу).

 

Мультфильм қарау,

сахналық қойылым,

танымдық ойын

Апта дәйексөзі.
Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.

                                                                       (Білге қаған)

1

«Жапырақ тамырдан нәр алады» атты зияткерлік ойын өткізу  (тәрбиеленушілер мен ата-аналар арасында).

Зияткерлік ойындар

Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері, әдіскері

2-апта

Апта дәйексөзі.
Тату болса – ағайын жақын,

Адал болса – дос жақын.    

                                                                        (Қазыбек Келдібекұлы)

1

«Тапқыр болсаң, озып көр»

Тақырып бойынша қолөнер және суреттер көрмесі:

-жалаулар шеруі

(балаларға қағаз бен бояулардан өз жалауларын жасауды ұсыну);

-ата-аналармен бірге қолөнер шеберханалары (қағаздан, ермексаздан немесе басқа материалдардан елдің рәміздерін (тулар, елтаңбалар) жасау бойынша қолөнер шеберханаларын ұйымдастыру).

Балалар суретінің көрмесі,

фотосуреттер көрмесі

 

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, педагогтер, ата-аналар

3-апта

Апта дәйексөзі.
Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады. (мақал)

                                                

1

«Ұлт бірлігі – ұлы байлық»

Викторина,тренинг, әңгімелесу,

       танымдық іс-шаралар

Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері, әдіскері

4-апта

                                                                   Қаңтар – заң және тәртіп айы

Апта дәйексөзі.
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
                                                                                                                                                                (Абай Кұнанбайұлы)

1

Дидактикалық, сюжетті-рөлдік ойындар ұйымдастыру: «Теңге алу», «Айырмашылықтарды тап», «Банкомат», «Ақша жұмсауды үйренеміз», «Әмиян», «Дүкен»; қаржылық сауаттылық бойынша қарапайым білімді қалыптастыру.

Танымдық шаралар, ұйымдастырылған іс-әрекеттер,қауіпсіздік сабақтары, дидактикалық, ұлттық,

сюжетті-рөлдік ойындар

 

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері

1-апта

 

Апта дәйексөзі.
Әділдікті мойындау – адал кісінің ісі.

                                                                                        (Бауыржан Момышұлы)

1

«Менің құқықтарым, менің міндеттерім» (ересек, мектепалды топтары үшін)

«Заң және бала құқығын қорғау» (ата-аналармен сұхбаттасу).

Әңгімелесу,

дөңгелек үстел

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері

2-апта

 Апта дәйексөзі.
 Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды.

                                                                                                                               (Бауыржан Момышұлы)

1

«Біз экологпіз» тақырыбына танымдық, эксперименттік іс-әрекетті ұйымдастыру.

 

Танымдық, эксперименталдық іс-әрекет, экскурсиялар

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, педагогтер, ата-аналар

3-апта

Апта дәйексөзі.
Білім адамға білім беріп қана қоймай, оның жеке тұлғасын қалыптастырып, бойындағы адамгершілік                          қасиеттерді тәрбиелеуі керек.    (Міржақып Дулатов)

1

«Менің сүйікті ертегім»:

-сүйікті ертегілер мен мультфильмдер негізінде иллюстрациялар және қолөнер;

-ертегі сюжеттерінен кейіпкерлер мен көріністер жасау;

-отбасының бейнелі жобаларын жасау.

Балалар суретінің көрмесі, ертеңгіліктер, қызықты кітаптар жасау

 

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, педагогтер, ата-аналар

4-апта

Ақпан – жасампаздық пен жаңашылдық айы

Апта дәйексөзі.
Оқып үйренбесең, өнерге де, даналыққа да қолың жетпейді.
                                                                                                                                       (Демокрит)

1

«Мен зерттеушімін – өнертапқыштыққа алғашқы қадам»

Танымдық, эксперименталдық іс-әрекет

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері

1-апта

Апта дәйексөзі.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

                                                                                                                                                    (Абай Құнанбайұлы)

1

Ұлттық үстел үсті ойындары «Бестемше», «Бәріміз бірге мықтымыз», «Киіз үй», «Ұлтық мәдениет».

Үстел үсті ойындары,көрме,

ойындар шеруі

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, педагогтер, ата-аналар

2-апта

Апта дәйексөзі.
Білімді болу – жаңалық ашуға қабілетті болу.

                                                                                                            (Әбу Насыр Әл-Фараби)

1

«Өнерліміз, өркенбіз» көрмесі (тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының арасында)

 

Қол бұйымдарының көрмесі,

челлендж, акция

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, әдіскерлері, ата-аналар

3-апта

Апта дәйексөзі.
Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

                                                                               (Абай Құнанбайұлы)

1

LEGO әлемі: өз армандарымызды құрастырамыз

https://bilimkids.kz/steam/100?l=7

Мектеп жасына дейінгі балаларға лего-құрастыру, робототехника, SMART технологиялар және т.б. үйірме жұмыстарын жүргізу

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, ата-аналар

4-апта

                                                            Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы

Апта дәйексөзі.
 Адамды ұлт моделі деп айтуға болады. Біздің әрқайсымызға қарап бүкіл халыққа баға береді, бұл жалпылама қабылдау феномені. Өз ісіңнің шебері болсаң, халқың да құрметті болады. Міне, барлығына түсінікті патриотизм формуласы осы.
                                                                                                                              (Олжас Сулейменов)

1

«Ізгіліктің бір ізі – алғыс» (тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының  және педагогтердің қатысуымен)  өткізілетін челлендж, «Ананың аялы алақаны» ертеңгілік.

Челлендж, мерекелік шаралар, бейне құттықтаулар

Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, педагогтері,

 ата-аналар

1-апта

Апта дәйексөзі.
Өз ана тілінде сөйлеп, өзінің төл әдебиетін сақтаған халықтың ғана еркін өмір сүруге құқы болатынын                        әрдайым естен шығармау керек.

                                                                                                                                                           (Ахмет Байтұрсынов)

1

«Еңбегі адал жас өрен», «Еңбектің наны тәтті»

танымдық жобалары

Ересектердің еңбегімен таныстыру бойынша ұйымдастырылған шаралар

Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері

2-апта

Апта дәйексөзі.
 Әркім өз деңгейінде, өз орнында айналасын жақсартуға тырысуы керек, өз еліне, қоғамына пайда әкелуді өзінен бастауы шарт. Бұл менің түсінігімдегі отансүйгіштік.

                                                                                                                                                      (Ақан Сатаев)

1

Наурыз мерекесіне арналған шаралар:

Наурыз – құт-береке бастауы!», Бауырсақ-party,

«Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз!»

Мерекелік іс шаралар

 

Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері, әдіскері, тәрбиешілері, ата-аналар

3-апта

Апта дәйексөзі.
Отан отбасынан басталады.
 

Туған жер – алтын бесік.
 

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.     (мақал-мәтел)

1

«Болашақ мамандық» танымдық жоба

https://bilimkids.kz/steam/99?l=7

 

 

 Ақпараттық тәжірибеге бағдарланған танымдық жоба

Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері, әдіскері, тәрбиешілері, ата-аналар, ата-әжелер

4-апта

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

Апта дәйексөзі.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға. (Абай Кұнанбайұлы)

1

«Шын жүректен кітап сыйла» –  Халықаралық балалар кітабы күні

 

Челлендж  іс-әрекеті

«Үздік мобильді кітапхана» байқауы

Мектепке дейінгі ұйым әдіскері, тәрбиешілері, ата-аналар

1-апта

Апта дәйексөзі.
Еңбек шыққан жерден төзім де шығады. (Мұхтар Әуезов)

1

«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» экологиялық акция

Танымдық, эксперименталдық іс-әрекет, ЭКО челленджі,

 экологиялық акция

Мектепке дейінгі ұйым әдіскері, тәрбиешілері

2-апта

2

«Жас метеоролог» экологиялық жобасы

Апта дәйексөзі.
 Еңбек бізді үш үлкен зұлымдықтан құтқарады: зерігу, азғындық, мұқтаждық. (Вольтер)

1

«Кітап калейдоскопы»

танымдық-зерттеушілік жобасы аясында жазушылармен кездесу

Кездесу

Мектепке дейінгі ұйым әдіскері, тәрбиешілері

3-апта

Апта дәйексөзі.
 Еңбек жақсы атыңды шығарады, жалқаулық түзу жолдан тайдырады. (мақал)

1

«Әжемнің ертегілері» шығармашылық жобасы

Жобалау іс-әрекеті, танымдық кештер,

дәстүрлі іс-әрекеттер

Мектепке дейінгі ұйым әдіскері, тәрбиешілері

4-апта

                                                                Мамыр – бірлік және ынтымақ айы

Апта дәйексөзі.
 Жоқ, бірлік ақылға бірлік, малға бірлік емес. ( Абай Құнанбайұлы)

1

«Әлем балалар көзімен», «Достығымыз жарасқан» балалар суретінің көрмелері

 

 

Суреттер көрмесі, асфальттағы суреттер байқауы

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері

1-апта

Апта дәйексөзі.
 Бізге бұл әлемде қажетті дүние – бейбітшілік, бақыт, адамдардың бауырластығы! (Марк Твен)

1

«Білімім – Отаныма!»

«Дос болайық бәріміз»

«Достық әлемі» 

«Адал дос»

 

Мерекелік іс-шара, эстафеталық ойындар,

алғыс хат жазу

 

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, ата-аналар

2-апта

Апта дәйексөзі.
 Күннің көзі ортақ, жақсының сөзі ортақ. (мақал)

1

«Табиғатты сақтайық!»

жобалау іс-әрекеті

 

Жобалау іс-әрекеті, танымдық кештер, табиғатқа саяхат,

дәстүрлі іс-әрекеттер

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері

3-апта

Апта дәйексөзі. 
Саусақ бірікпей,

Ине ілікпейді. (мақал)

1

«Жол ережелері»

жобалау іс-әрекеті

 

Жобалау іс-әрекеті, танымдық кештер, табиғатқа саяхат,

дәстүрлі іс-әрекеттер

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілер

4-апта

 

 

 

 

 

 

 

 


Текст