Аудан әкімінің орынбасары О.Ахметова, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басшысы Ж.Мазах және медицина қызметкерлерінен құралған мобильдік топ аудан аумағында «COVID-19» коронавирустық инфекциясына қарсы екпе алу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізіп жатыр.
Бүгін мобильдік егу бригадасы Донской ауылдық округінінің Андықожа батыр және Тасшалқар ауылдарына барып, вакцинацияға қатысудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді. Кездесу барысында жаппай вакцинацияның маңыздылығы, вакцинаның қауіпсіздігі, иммундық реакцияны қалай тудыратыны және тиімділігі туралы айтылды.
Ауылдардың тұрғындары мобильдік топ мүшелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізгендері үшін алғыстарын айтып, вакцинацияның маңыздылығын түсіне отыра, екпе алды.