"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степняк қаласының "Күншуақ" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли-сад "Күншуақ" города Степняк при отделе образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балабақшадағы мерекелермен іс-шаралар.»

         «Балабақшадағы мерекелермен іс-шаралар.»

  Қазақстан елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапка сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің  бірі болып табылады. Сондықтан да, мектепке дейінгі мекемелердің алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарастарың қалыптастыру, ойыларың дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық  жұмыстарың  жасап үйретуде, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті болып тұр.

Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл-Балалар жылы» деп атады. Яғни ел ертеңі- өскелен ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта білімді,алғыр балғындардың көптен шығуына балабақшалардың атқаратың рөлі зор.

«Күншуақ» бөбекжайында арнайы жыл сайын мерекелер мен іс-шаралар өткізудеміз.Балалар өміріндегі мерекелердің маңыздылығы – адамгершілікке, эстетикалық тәрбие беру құралына, әдеби шығармаларға, әндер мен өлеңдерге патриоттық сезімдерге қалыптастыруға, балалар бойындағы тәртіптілік, мінез - құлық, ұжымшылдық негіздерін, мәдениетін тәрбиелейміз.
Мейрам күндері – балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты бір әлемі. Сондықтан да, мейрам күндерін балабақшаның әрбір тәрбиеленушісі асыға күтеді, өз өнерлерін жолдастарына, тәрбиешілеріне және ата - аналарына көрсетуге асығады. Осы жағынан алғанда, жас жеткіншектерді тәрбиелеп, оларды жан - жақты дамытып, жетілдіруге мерекелік күннің үлесі зор. Жас балалардың өзін қоршаған ортаға дұрыс қалыптастыруға, өз Отанына сүйіспеншілігін арттыруға, еңбекке ынтасын күшейтуге, интернационалдық сезімін оятуға үлкен әсер етеміз.
Мерекелік ертеңгіліктердің барлық түрлері (ән салу, музыка ырғағымен қимылдар жасау, би билеу, музыка аспаптарында ойнау) балаларды музыканы сүйе білуге баулудың ерекше бір түрі. Қатар отырып қуанып, толғану жас бүлдіршіңдерімізді  тату ұжымға топтастырамыз  және ұжымды жауапкершілікке баулимыз. Мерекелер өзінің ойластырылған бағыты мен құрылымына қарай үш түрге бөлінеді:
 

 

 

Қоғамдық саяси мерекелер:

 1-қыркүйек –Білім күні

 6 шілде - Астана күні;
 30 тамыз - Конституция күні;
 16-17желтоқсан - Тәуелсіздік күні;
 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні;

12 сәуір-Ғарышкер күні
 1 мамыр - Халықаралық ынтымақтастық күні;
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
 9 мамыр - Жеңіс күні

1маусым-Балаларды қорғау күні.
 

Тұрмыстық мерекелер:
 Жаңа жыл мерекесі;
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні;
 Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі

Маусымдық мерекелер:

Көктем келді шуақты!
     Жаз келді жасыл...!

     Сары алтындай сары күз!
     Қыс мезгілі тамаша!

 

Балаларды  бүкіл  мерекелер негізінде  жатқан үлкен идеяларды 

барынша  түсінікті түрде, көркем образдар  арқылы онан әрі қабылдауға  

дайындаймыз салтанатты жағдай,көркем безендіру, музыка патриоттық 

 сезімдерің дамуына белсенді  ықпал етеміз, балалардың өз 

      Отанына деген мақтаныш сезімін  арттыруға тәрбиелейміз.

     Міне осындай қызықты мерекелерге іс-шараларға балаларды     

     қатыстырып,олардың бойындағы қасиеттерің ашып,бір бірімен тығыз    

     қатынаста болып,өз пікірлерің айтып,әрі қарай балаларды тәрбиелейміз.

 

Қосымшалар:


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст