"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степняк қаласының "Күншуақ" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли-сад "Күншуақ" города Степняк при отделе образования по району Биржан сал управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің бөбекжайдың инновациялық іс әрекеті.«Ұлылардың үні»

                       Біздің  бөбекжайдың  инновациялық іс әрекеті.

Мектепке дейінгі тәрбие –баланың жеке бас ерекшілігін ескере отырып дамытатын орталық. Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан тәрбиешілерге мәдениетті, білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Заман талабы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.

Осы орайда қазіргі таңда балабақшалардың алдына қойған міндеті де жоғары. Себебі, ұрпақ бойындағы алғашқы білім мен тәрбие дағдылары дәл осы мектепке дейінгі мекеме табалдырығында қаланады.Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар тәрбиешілердің, әдіскерлердің шығармашылық қызметіне заңды түрде еркіндік берді. Ал ол міндетті шешетін де, жүзеге асырушы да шебер тәрбиеші немесе пән мұғалімдері. Осы ретте тәрбиешілердің жаңа бағдарламаны тиімді пайдалану үшін олардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, шығармашылықпен еңбек етуіне бағыт беріп, қазіргі заман талаптарына сай инновациялық бағытта дұрыс ұйымдастыра білу.

МКҚК  «Күншуақ» бөбекжайының базасында Мектепке дейінгі ұйымның тәжірибесінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие саласындағы озат тәжірибені тарату және еңгізу мақсатында  «Мектепке дейінгі тәрбие мен  оқытуды дамыту модельін» іске асыру шеңберінде «Ұлылардың үні» жобамен жұмыс атқарды.Бүлдіршіндерді ауданымыздаға Біржан сал атындағы мұражайға саяхат жасадық. Мұражайда Біржан салдың тартқан домбырасымен таныстырды.Біржан салдың өмірі туралы айтылып.Суреттерімен таныстырылды.Тарихи және мәдениет ескерткіштерді, киелі жерлерді танымал ету, жастар арасында туған өлкені танып білуге деген қызығушылықтарын оятуды.  Мұражайдың әр бөлмесін таныстырып, ақынның кезіндегі  киген киімдері туралы айтылды. Мұражай қорында көптеген жәдігерлермен таныстырылды.Жыл сайын Біржан сал ескерткішіне балалармен саяхат жасап тұрамыз.

 Бөбекжайының бүлдіршіндері Республикалық байқауға қатысады. Биылғы жылы

Ұлт ұстазы –Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына орай өткізілген Республикалық мәнерлепоқу сайысына қатысып І дәрежелі дипломмен Азатбек Інжу және Темен Жания  марапатталды.

  Ұлы Отан Соғысының  жеңісінің  77 жылдық  мерекесіне орай  өткізілген   Республи-

лық байқауға қатысып  бөбекжайдың  балалары 1 орынды иеленді.

«Наурыз-думан»   атты республикалық байқауға қатысып,мәнерлеп оқу номинациясы бойынша  І дәрежелі дипломдармен марапаталды.

 

 

Осындай ұлылардың ұлықты ісін оқып-танып ұлықтай білген жастарымыздың тарихи танымы мен рухани сана-сезімі арта түспек.

                      


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст